Маңғыстауда "Ұлы дала жорығы" бәйгесінің жеңімпаздарын қарсы алды

771

Маңғыстаулықтар Каспий теңізі жағасында "Ұлы дала жорығы" республикалық бәйгесінің жеңімпазы "Көкмойнақ" командасын сән-салтанатпен қарсы алды.  

Маңғыстауда "Ұлы дала жорығы" бәйгесінің жеңімпаздарын қарсы алды

1200 шақырымдық бәйгеде шашасына шаң жұқтырмай бірінші болып жеткен шабандоздарға алғыс хат табыстап, жылқы мінгізді. "Көкмойнақ" командасы жолдың қиындығына қарамастан Адайдың қолтума жылқыларының мықтылығын көрсетті. Сөйтіп 24 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені қанжығасына байлады. Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Адай жылқысы тұқымына ғылыми-зерттеу жүргізу үшін ауылшаруашылығы министрлігімен қажетті жұмыстардың жүріп жатқанын айтып өтті.

Айта кетейік, "Ұлы дала жорығы" – еліміздің 6 аймағын Астана, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда. Түркістан облыстарын басып өткен тұңғыш жалпыреспубликалық ат марафоны болды. 19 команда сынға түскен жарыста Түркістанға дейінгі жазық дала, Бетпақ шөлі, өзен-көл сияқты табиғи кедергілерлерден жүріп өту шарты белгіленді. Ауа райына шыдас бермеген жылқылар жорықтарын тоқтатып, жарыс жолынан шығып отырды. Осылайша шабандоздар ұлан-ғайыр атырапты айлап, апталап атпен жүріп өткен бабалар жорығын қайта жаңғыртты.

Қазір облыста ұлттық спорттың 8 түрімен 322 спортшы шұғылданады. Оның ішінде ат спортымен 151 адам жаттығады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу