Маңғыстауда улы көлді қалпына келтіруге қаражат бөлінді

415

  "Қошқар ата" қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстарының қаупі туралы 30 жылдан бері айтылып келеді.

Маңғыстауда улы көлді қалпына келтіруге қаражат бөлінді

Радиоактивті қалдықтар қоймасы жақын маңдағы үш елді-мекенге қауіп төндіріп тұр. Экологиялық аймақта шамамен 372 мың адам тұрады. Қалдықтардың көлемі 6 мың 600 гектар. Өңірдің экологиялық мәселесі республикалық деңгейінде өзекті тақырыпқа айналып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қошқар-ата" қалдықтар қоймасын үш жыл ішінде аяқтауды тапсырған болатын.

Кеңес дәуірі кезінде бірнеше зауыттың радиациялық қалдығы төгілген жасанды көлге 2021 жылы 10 қарашада республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп, рекультивациялау жұмыстары жасалды. 266,2 гектар жерге 819,3 мың шаршы метр топырақ төселді. Биыл республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлініп, 905 гектар жерді залалсыздандыру жұмыстары басталды. Жобаны түзету туралы үш жақты меморандумға қол қойылып, нәтижесінде "Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялаудың" І кезеңін түзету бойынша мемлекеттік және мемлекеттік экология сараптамасының оң қорытындысы алынды. Қазір мердігер 2,5 шақырымнан топырақ тасу жұмыстарын бастады.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу