Маңғыстауда үш айлық сәбиге ота жасалды

1233

Ол әшекей бұйым жұтып қойған.

Маңғыстауда үш айлық сәбиге ота жасалды

Маңғыстау облыстық ауруханасы 3 айлық сәбиді аман алып қалды. Белгілі болғандай, кеше сәби Жаңаөзен қаласынан шұғыл жеткізілген. Оның аузына отбасындағы өзінен үлкен, екі жасар қыз бала қолтырауын пішіндес әшекей бұйымды тығып жібереді.

Сәбидің жұтып қойған затын саусақтарымен алмақ болып ұмтылған ата-анасы оны одан әрі қарай жылжытып жіберген. Оны Жаңаөзен қалалық ауруханасынан да ала алмайды.

"Сәбидің көрер жарығы бар екен, бұл зат оның жұтқыншағына қадалып қалыпты. Әрі қарай өкпесіне кетіп қалғанда жағдай қиын болатын еді. Сәбидің басы құйтақандай ғой, ал рентгенде брелок ұзынынан, ап-анық болып көрініп тұр. Біз операцияны наркоздың көмегімен жасадық, қазір балақан ауруханада, жағдайы тәуір", - дейді ота жасаған лор дәрігер Қазбек Шүкіров. 

Дәрігердің жұмыс тәжірибесінде балалардың ойнап отырып бір-бірінің көзін шұқып, бірдеңе сұғып алып, жарақаттап алған жағдайлары бұрын да болған. Алайда мұндай оқиға бірінші рет кездесіп тұр екен.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу