ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз орталығының басшысы Рукия Сычеваның айтуынша, алғашқы оқиға 18 сәуірде Жаңаөзенде болған. Түнде қаланың шағын аудандарының бірінде Mercedes-Benz S-Class маркалы автокөлік өртеніп кетті. Өрт автомобильдің қозғалтқыш бөлігінде және салонында болды. Себеп пен залалды кезекші анықтаушы белгілейді. Зардап шеккендер жоқ.
Шетпе-Жармыш автожолында тағы бір көлік өртенді. Өрт 2009 жылы HOWO көлігінің кабинасында болған. Зардап шеккендер жоқ. Ал, Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында "Болашақ" тұрғын алабында пәтер өртенді. Өрттің аумағы 70 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
23 сәуір күні кешке Құрық ауылындағы үйлердің бірінің ауласында 2006 жылы шыққан "УАЗ" маркалы автокөлік өртенді. Өрт ошағы автомобильдің қозғалтқыш бөлімінде болған.
Айта кетейік, кеше, 24 сәуірде Ақтау қаласының 26 шағын ауданында Daewoo Nexia маркалы жеңіл автокөлігі өртенді.