Маңғыстауда үш мектеп карантинге жабылды

888

Ал "Ирина Кайратовна" тобы концерт қойды.

Маңғыстауда үш мектеп карантинге жабылды

COVID-19 тарылымы бойынша "сары аймақта" тұрған Маңғыстау облысында үш мектеп толықтай қашықтықтан оқытуға көшті. Сонымен бір мезгілде, қымбат қонақ үйде концерт қойған әншілердің әрекеті көпшілікті таңғалдырып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Атап айтқанда, қаладағы ІТ-лицейі мен №7 мектеп–лицейі және Маңғыстау ауданындағы Б.Жұмалиев атындағы орта мектебі жабылды. Мұның ішінде, аталған лицейлерде дерт алдымен педагогтерден анықталған. Әзірге білім беру мекемелеріне карантин 20 және 22 сәуірге дейін жарияланды.

Ал 10 сәуір күні Ақтау қаласындағы "Rixos Water World" отелінде "Ирина Кайратовна" тобы концерт өткізіп, оның бейнежазбасын әлеуметтік желілерде жариялады.

Қазіргі күні танымалдыққа ие болған топ бұған дейін карантиндік шектеулерді үндеу тақырыбындағы әндерімен көзге түскен болатын. Өңір "сары аймақта" тұрғанмен, соңғы қаулыға сәйкес, жиын-тойлар өткізуге, жұртшылықты бір жерде топтастырып жинауға тиым салынады. 

Белгілі болғандай, концерттік шараға байланысты ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелмеген.

"Егер мониторингтік топтар оған қатысты карантин ережелерінің бұзылғаны жөнінде сәйкес құжаттар ұсынған жағдайда әкімшілік шара қолданылады", - деді облыстың бас санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу