Маңғыстауда үш жүзден астам сарбаз ЖОО-на түсе алады

584

Маңғыстауда биыл әскери борышын өтеп шығатын 300 ден астам сарбаз, жоғары оқу орнына ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ оқуға түсе алады.  

Маңғыстауда үш жүзден астам сарбаз ЖОО-на түсе алады Фото: egemen.kz

Сол үшін қазірдің өзінде 40-тан аса университетпен екіжақты келісімге қол қойылған, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Ақтау гарнизонында өткен кездесуде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, әскери теңіз күштерінің матростарына білімді одан әрі жалғастырудың маңыздылығын түсіндірді.

Ел бойынша осы жылға 3 мың грант бөлінген. Оған әскери даярлығы жоғары, тәртібі жақсы сарбаздар үміткер бола алады.

"Сауалнама барысында әскери қызметшілердің несиелерінің кешірілуі мен мерзімді әскери қызметшілердің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз тегін түсуі туралы сұрақтар қарастырылды. Біз мұндай пилоттық жобаның алғашқы сарбаздарымыз.Осындай жобалар біз секілді матростар үшін үлкен олжа", - деді матрос Мұқағали Балтабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу