Маңғыстауда үшем дүниеге келді

503

Маңғыстауда биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. 

Маңғыстауда үшем дүниеге келді Фото: inbusiness.kz

24 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғыны президент жариялаған "Аңсаған сәби" мемлекеттік бағдарламасы көмегімен алғаш рет үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелердің есімдерін Ясмина, Алина, Адина қойған,- деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Екі бөбектің салмағы 1 келі 600 грамм болса, үшіншісі 1 келі 850 грамм. Жас ана алғашқы сәбилері үшем болғандықтан, жауапкершіліктің арта түскенін айтады.

Қазір нәрестелер емдеп жетілдірудің екінші сатысында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бөбектердің жағдайы бірқалыпты әрі тұрақты. ​Үшеуі де салмақ қосып жатыр.

“Анасының да жағдайы да жақсы. Ана мен сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды. Қазір​ әзірге облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында дәрігерлердің  бақылауында болады,” - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, 2022 жылы  "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша облысқа 267 квота бөлінген. Бүгінгі күні 68 ана осы бағдарлама арқылы сәбилерін өмірге әкелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу