Маңғыстауда үстірт жер мал өсіруге пайдаланылмақ

6091

Мамандар оған барлық мүмкіндік бар деп отыр. 

Маңғыстауда үстірт жер мал өсіруге пайдаланылмақ

Маңғыстаудың маң даласында үлкен аумақта алып жатқан үстірт бары белгілі. Арнайы қорық орналасқан бұл жер туристердің іздеп келетін орнына айналған.

Қазіргі күні осы үстіртте 900,0 мың гектар бос жер бар екен, оның 225,0 мың гектары – Қарақия, қалғаны түгелдей Маңғыстау ауданына тиесілі. Сонымен бірге, облыста 2,3 млн ұсақ мал өсірілуде. Бір ұсақ малға 3 га жайылым керек десек, барлық мал басына есептегенде 6,9 млн га жер керек болады. Демек, мал басын өсіру үшін үстірттің бос жатқан жерлерін пайдалануға болады. Бұл мәселе "Көгез" этноауылында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өткен көшпелі жиында талқыланды.

Белгілі болғандай, үстірт жері мал өсіру үшін қолайлы-ақ. Өңір құнарлы, 30 метр тереңдіктен шығатын су көздері, қыста мал азығын дайындап алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ ол жерде мал шаруашылығымен айналысуға ниетті шаруалар үшін несие, субсидия сияқты жеңілдіктер қарастырылмақ. 

"Биылғы жоспарға сәйкес, агробизнесті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін 1,6 млрд теңге қарастырылған. Бүгінде оның 538 млн теңгесі игеріліп, 298 өндірушіге қолдау көрсетілді", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу