Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды

303

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды Фото: Polisia.kz

5 қазанда “Қарасора – 2023” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені шеңберінде Ақтау қаласының 13-шағын ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.

Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм. Сондай-ақ ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын экстази есірткі қоймасын көрсетті.

Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу