Маңғыстауда заңсыз ауланған бекіре балығы тәркіленді

724

Маңғыстау облысында "Қызыл кітапқа" енген бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды.  

Маңғыстауда заңсыз ауланған бекіре балығы тәркіленді

 Күдікті Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 19-шақырымында қолға түсті. Тәртіп сақшылары мұны Түпқараған ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде анықтады. Қазір ұсталған 34 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, тағы бір тұрғыннан 51 келі бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Полиция қызметкерлері сағат 18:45-терде күдіктінің үйін тінту кезінде мұздатқыштан тағы 15 дана бекірені тапқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Маңғыстау облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Түпқараған ауданының тұрғынынан бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 339-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – дейді  облыстық ПД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу