Маңғыстауда заңсыз бекіре балығы тәркіленді

636

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданынан ҚР заңнамасын бұзушы күдікті анықталып, ұсталды.  

Маңғыстауда заңсыз бекіре балығы тәркіленді Фото: Маңғыстау облысы, ПД баспасөз қызметі

5 қарашада полицейлер Nissan X-Terra автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 24 келіні құрайтын 7 бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 44 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу