Маңғыстауда заңсыз қоқыс орындары мен полигондағы өрт фактілері анықталды

298

Ақтау мен Баяндыда заңсыз қоқыс орындары анықталды.    

Маңғыстауда заңсыз қоқыс орындары мен полигондағы өрт фактілері анықталды Фото: fbrk.kz

Маңғыстау облысында қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының Баянды ауылы аумағында тұрмыстық қалдықтардың белгіленбеген орындарға жиналуына жол берілген.

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы арнайы полигонда қалдықтарды жинақтау талаптарының бұзылуы салдарынан 1 500 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 344-бабы негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу