Маңғыстауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

908

Агенттік қызметкерлері заттай айғақтарды тәркілеген. 

Маңғыстауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны Қоштаев жеке компьютерлерді лотерея аппараттары түрінде Рахат шағын ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 21/3 мекенжайы бойынша орналастырған.

"Тексеру барысында компьютерлер мен теледидарлар тәркіленді. Коштаевқа 1,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", –деп жазылған хабарламада.

Агенттік үй-жайларды жалға берушілердің де заңсыз ойындарды ұйымдастырғаны немесе автоматтарды ғимаратта орналастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу