Маңғыстауда жабайы үйректерді қайықпен қаққан балықшылар ұсталды

846

Маңғыстауда жабайы үйректерді қайықпен қаққан балықшылар ұсталды. Желіні шулатқан бейнежазбадағы қос күдікті Түпқараған аудандық полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Маңғыстауда жабайы үйректерді қайықпен қаққан балықшылар ұсталды

Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне "жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша тіркелді. Жабайы құстарды жауыздықпен өлтіргендер енді 1 млн 325 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін немесе түзету жұмыстарына тартылады.

Еске салсақ, жергілікті балықшылардың жабайы үйректерді моторлы қайықпен қуып, басып өткен видеосы ең алдымен желіде пайда болды. Халықтың наразылығын тудырған бейнежазбаға қатысты Экология министрлігінің өкілдері де пікір білдіріп, тәртіп сақшыларына оқиғаның мән-жайын анықтауды сұраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу