Маңғыстауда жалған дипломмен мұғалімдер анықталды

411

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 3 педагог жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды.  

Маңғыстауда жалған дипломмен мұғалімдер анықталды Фото: bilimdiel.kz

Мониторинг қорытындысы бойынша Түпқараған ауданының білім беру саласындағы былықтың бетін ашты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде бір педагог мемлекетке 674 974 теңгені қайтарған.

“Үш ұстаздың екеуі - Ғ.Айдаров атындағы мектеп- лицейінің мұғалімдері. Олар мемлекеттік ЖОО-нын бітіргені жөнінде жалған дипломмен жұмысқа орналасқан. Біреуі Ақшұқыр мектеп-гимназиясының педагогы екені белгілі”, - дейді сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу