Маңғыстауда жалған дипломмен сабақ берген 9 мұғалім анықталды

Мектептерде жалған құжатпен жұмыс істеу дерегі Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында тіркеліп отыр. 

Маңғыстауда жалған дипломмен сабақ берген 9 мұғалім анықталды

Солардың бірі Қарақия ауданының Аққұдық ауылындағы мектепте еңбек пәнінен сабақ берген ұстаз қылмыстық жауапкершіліке тартылып, жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ 76 мың теңге көлемінеде айыппұл төледі. 

"Жалған құжат жасатқандар қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, еңбек пәнінен сабақ бергендер. Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейтіндер де бар. Осы істерге қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Енді облыстағы басқа білім ошақтары да тексеріледі", – дейді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Мағжан Бегендік.                                                                 

Тасым Жаңай                                                 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу