Баспанасы жоқ отбасына "Eurasia Engineering" ЖШС басшысы Кенжеғали Махамбетов демеушілікпен пәтер сатып алып берді.
Шетпе ауылы, Ащыбұлақ шағынауданынан жайлы баспана бұйырған Сағындықова Ботагөз осы уақытқа дейін 3 баласымен пәтер жалдап келген.
“Қысы-жазы үй жалдау мен денсаулығы жоқ балаларды бағу машақатын басымнан өткіздім. Бәрінен бұрын балаларымның өз үйі болатынына шын қуанғанын көру бір бақыт екен. Жақсы адамдардың көмегіне шынайы алғысым шексіз”,- дейді Ботагөз Сағындықова.
Баспаналы болған отбасының қуанышын бөлісуге аудан әкімінің орынбасары Маралбек Сейілов пен Шетпе ауылының әкімі Амалбек Жанбуршиев барды. Көпшілік Ботагөзге "игілігіңе пайдалан" деп жақсы тілегін арнаса, баспаналы болған ана сауапты іс жасаған жомарт азаматқа алғысын арнады.