Оған педогогика, туризм және мұнай-газ салалары таңдалған. Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Мамандығым-болашағым" жобалық офисі мамандары аталған салалар бойынша жергілікті сарапшылармен бірге талдау жүргізуде.
Нәтижесінде сұранысқа ие, еңбек нарығының талабына сай мамандықтар тізбесі жасалады. Онлайн форматта білім беруге бейімделген IT меңгеруші, үйлестірушісі, жеке турларды жобалаушы сияқты жаңа мамандықтарды енгізу ұсынылды.
"Өңірлік кадрлық қажеттілігі картасын осы жылдың аяғына дейін бітіреміз. Айқындалған мамандықтарға сүйене отырып, кәсіби техникалық білім деңгейінде, жоғары білім деңгейінде жаңа оқу бағдарламалары жасақталатын болады",- дейді жобалық офисінің әдістемелік құрамының мүшесі Ербол Молдақасымов.