Маңғыстауда жаңа мұнай кен орнын анықтауға бағытталған бұрғылау басталды

130

Барлау жұмыстарын "BS КаспийСервис" компаниясы жүргізеді.

Маңғыстауда жаңа мұнай кен орнын анықтауға бағытталған бұрғылау басталды Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау ауданы әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақта барлау мақсатында бұрғылау жұмыстары басталған. Мамандар ұңғыманы 2 700 метр тереңдікке дейін жеткізіп, мұнай мен газ қорының бар-жоғын анықтауды көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Барлау жұмыстарын "BS КаспийСервис" компаниясы жүргізеді. Тапсырыс беруші – "Керуен логистик" ЖШС, – делінген хабарламада.

Компания өкілі Нысанбек Жалғасовтың айтуынша, мұнай-газ кен орнын барлауға рұқсат 2022 жылы алынған. Ал ұңғыманы бұрғылау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйектің басында басталған.

Қазір мамандар 1 мың метрден астам тереңдікке жетті. Бұрғылау жұмыстары жалғасып жатыр.

Барлау нәтижесінде мұнай қоры анықталған жағдайда, аумақта жаңа өндіріс орнын ашу мүмкіндігі қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу