Маңғыстауда жаңа оқу жылында бастауыш сыныптың 72 мың оқушысы тегін тамақтанады

423

Биыл Маңғыстау облысындағы барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы 1-4 сыныптың 72 229 оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Маңғыстауда жаңа оқу жылында бастауыш сыныптың 72 мың оқушысы тегін тамақтанады Фото: freepik.com

Сондай-ақ, 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасыдан шыққан 17 000 оқушысы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылады. Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаеваның хабарлауынша, әр мектеп басшылығы асханалардың жағдайы мен тамақтандыру кестелерін ретке келтіруде.

“Орта есеппен алғанда бүгінге дейін 20 мың оқушы бірінші сыныпқа өтініш қалдырды. Оның ішінде, 19 820 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Қыркүйектің алғашқы күндеріне дейін, басқа өңірден көшіп келген жандар, денсаулығына байланысты құжат тапсыруға кешіккен ата-аналар қосымша ақпарат алып, мектепке құжаттарын тапсыра алады”,- деді Гүлмира Мамаева.

Жаңа оқу жылында білім саласында 599 ұйым өз жұмысын бастайды. Атап айтқанда 356 балабақша, 193 мектеп, 25 колледж, 11 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы, 12 арнайы білім беру ұйымы, 2 интернаттық ұйым. Сонымен қатар облыс көлемінде 10 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған.

"Қазақстан халқына" қоры есебінен бір мектеп толық материалдық базамен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылында 2 мектеп қамтылатын болады. Сонымен қатар жылдың соңына дейін Жаңаөзен қаласының 8 мектебі робототехника кабинеттерімен жабдықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу