Мәселен, жаңа оқу жылындағы тамақтану құны 1-4 сынып оқушылары үшін 570 теңгені құрайды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 5-11 сынып балалары үшін баға бірдей болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушыларының 100%, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы үшін тамақ тегін болатынын айтқан болатын.
Бұған дейін балалар еліміздің жеті өңірінде ғана тегін тамақтанған, Маңғыстау облысы олардың қатарына кірмеген. Сонымен қатар, аймақ мектеп тағамдарының құнын арттыруды ұсынды: кейбір ата-аналардың пікірінше, бұл білім беру ұйымдарының мәзірінде жақсы өнімдерді қолдануға ықпал етеді.