Маңғыстау облысында танымал жағажайда табиғатты бүлдірген азаматқа айыппұл салынды. Айта кетейік, бұл – облыстағы елді мекеннің атауы, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға куәгерлері бұл бассыздықты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
– Демалушылар табиғат аясында қоқыс қалдырып, жартасқа үлкен әріптермен жазу жазып кеткен. Бұл – қоршаған ортаға деген құрметсіздік, – дейді бейнежазба авторы.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп бұзушы анықталған. Ол – 2002 жылы туған азамат. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал жартасқа жазылған жазу жуылып, тазартылды.