Маңғыстауда жарты күнде Қостанай облысына аттанатын жарты тонна гуманитарлық көмек жинады. Жәрдем қолын созуға облыс тұрғындары, кәсіпкерлер, партия мүшелері мен белсенді азаматтар атсалысты.
Атап айтқанда, 10 қап ұн, 100 келі макарон, 40 литр сұйық май, 30 келі тұз, 10 қап қарақұмық, 5 қап күріш, 20 банка бұқтырылған ет, 6 қап қант, 20 келі шай, 6 қорап тәтті және химиялық тұрмыстық заттар, киім-кешектер жиналды.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында арнайы штаб құрылып, ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда барлық аудандар мен қалада штаб жұмыс істеп тұр. Ал Ақтау қаласы бойынша екі жерде гуманитарлық көмек қабылданып жатыр.
Тасым Жаңай