Кеше, 14 мамырда Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Hyundai Santa Fe көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып өлтірген.
Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
"Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", деді облыстық полиция департаменті өкілдері.