Маңғыстауда жасөспірімдер 3 мыңнан астам заң бұзушылық жасағаны анықталды

583

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында жасөспірімдер қолымен 3400-дей құқық бұзушылық жасалған. 

Маңғыстауда жасөспірімдер 3 мыңнан астам заң бұзушылық жасағаны анықталды

Заң бұзушылықтардың басым бөлігін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарда болуы құрайды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ұсақ бұзақылық жасаған 64 жасөспірімді есепке қойды. Түнде көңіл көтеретін жерлердің тұрақты қонағы болған  85 жеткіншек анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК - нің 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, ойын-сауық орындарында түнгі уақытта болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шара өткізетінін атап өтті.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу