Маңғыстауда жасөспірімдер жүктілігі көбейді

446

Маңғыстау облысында жыл басынан бері ерте жүктіліктің 60-қа жуық дерегі тіркелді.

Маңғыстауда жасөспірімдер жүктілігі көбейді Фото: ipf.ua

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кәмелетке толмай жүкті болған қыздардың саны 2% - ға өскен. Өңірде 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған қыз тұрады. Сарапшылардың айтуынша, олардың көбі жыныстық өмірді 13 жасынан бастайды.

"Ерте жүктілік бойынша Маңғыстау облысы Қазақстанда бірінші орынға шықты. Өткен жылы аймақта 6 айда кәмелетке толмаған 44 жүкті қыз болған еді. Биыл жыл басынан бері 57 жасөспірім жүкті болды", - деп хабарлады облыстың штаттан тыс балалар гинекологы Айжан Әліпанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу