Маңғыстауда жасөспірімді ит талап тастады

148

Қазір жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр.

Маңғыстауда жасөспірімді ит талап тастады Фото: видео скриншот

Оқиға Ақшұқыр ауылында болды. Тапа-тал түсте көшеде 15 жасар жасөспірімді қаңғыбас ит талаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абырой болғанда, жақын маңда жүрген тұрғындар көмекке келіп, баланы әрең арашалап алған. Содан соң, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқиды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу