Түрмедегiлер 40 мың дана қорғаныш костюмiн тіккен

657

Вирустан сақтайтын киімнің бағасы 1,5 млн теңге тұрады екен.

Түрмедегiлер 40 мың дана қорғаныш костюмiн тіккен

Медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш костюмдерді тігумен 32 жазасын өтеуші айналысады. Осы мақсатта ГМ 172/6 түзеу мекемесінде шағын цех құрылған. Қолдан пішілген костюмдердің сапасы санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

"Вирустық инфекциядан қорғану костюмдерін қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер Маңғыстау өңірінде карантин режимі жарияланғанға дейін тіге бастаған болатын. Бүгінде сотталушылар жұмыс кестесіне сай тәулігіне бірнеше костюмге дейін пішіп, тігіп шығарады. Олар заң жүзінде тұрақты қызметке тартылған. Еңбегі үшін айына 42 500 теңге көлемінде жалақы алады", – дейді ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшасы Роман Теленьков.

Ақтауда дайындалған қорғаныш костюмдері бірінші кезекте жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері үшін жеке қорғаныш құралы ретінде сатып алынуда. Оған облыстағы басқа да кәсіпорындар көптеп тапсырыс беріп жатыр екен.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу