Маңғыстауда жеке сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

282

Сот орындаушы 3 млн теңгеден астам қаражатты туыстарының шоттарына аударған.  

Маңғыстауда жеке сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: kaztag.kz

Маңғыстау облысында жеке сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық прокуратура жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың орындалу заңдылығын тексеріп жатыр.

Тексеру барысында сот орындаушының борышкерден өндірілген қаражатты өндіріп алушыға аударуға арналған арнайы шоттан 3 млн теңгеден астам ақшаны үшінші тұлғалардың, оның ішінде жақын туыстарының шоттарына негізсіз аударғаны анықталған.

Осы дерек бойынша жеке сот орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Прокуратураның мәліметінше, жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалуына қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу