Маңғыстауда жем-шөп тапшылығы болмайды

405

Маңғыстау облысының климаттық ерекшелігіне байланысты, тіпті қолайлы ауа райы жағдайында да өңірде қажетті мал азығының көлемі 10% ғана дайындалады.

Маңғыстауда жем-шөп тапшылығы болмайды

Қалған 90%-ы басқа өңірлерден тасымалданып, жеткізіледі.

2021-2022 жылдары өңірде болған қуаңшылыққа орай, мал азығы бағасын тұрақтандыру үшін бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлініп, жем-шөп халыққа қолжетімді төмен бағада сатылған еді.

Нәтижесінде, аймаққа 14,1 мың тонна шөп, 8,2 мың тонна жем әкелінді.

Ал биыл қысқы мезгілде мал азығымен толық қамтамасыз ету үшін төрт түліктің санына қарай 78 000 тонна шөп және 23 800 тонна жем қажет. Күні бүгінге 75,2 мың тонна шөп жиналды. Оның 12 мың тонна шөбі облыста шабылса, қалған 63 мың тоннасы өзге облыстардан тасымалданды.

Сонымен қатар 23,5 мың тонна жем әкелінді.

Сондай-ақ айналым жүйесі шеңберінде операторларға жылдық 0,1% берілген мемлекет қаражаттын қайтару мәселесі айтылып жатыр.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу