Маңғыстауда жемқорлардың ақшасына төрт мектеп салынуда

430

Облыста сыбайлас жемқорлардан алынған және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына берілген ақшаға төрт мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда жемқорлардың ақшасына төрт мектеп салынуда Фото: canva.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін барлық заңсыз алынған қаражат мектеп салуға жұмсалуы тиіс. 

Маңғыстау облысында үш ауысымды оқытуды жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін төрт мектептің құрылысы жүргізілуде.

"Ағымдағы жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен басталған төрт нысанды аяқтауға қаражат бөлінді. Оның ішінде: Ақтаудағы 19а шағын ауданында 1200 орындық мектеп салу; 18 шағын ауданда 1 200 орындық мектеп салу; Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы "Алау" тұрғын алабында 1 200 орындық мектеп салу; Қызылтөбе ауылдық округіндегі "Қызылтөбе-2" тұрғын алабында 1200 орындық мектеп салу", – дейді облыстық білім басқармасының мамандары.

Нысандарды пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу