Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды

348

Кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд. теңге сомасына залалды өтеді,

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды Фото: gov.kz

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы "Phystech II" АҚ қызметінде тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz вдеомствоға сілтеме жасап.

Компания қызметінде экологиялық, еңбек заңнамалар мен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің талаптарының орындалмауы, оның ішінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды.

Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд. теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу