Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылардың 300-ден астам заңбұзушылығы анықталды

336

Маңғыстауда кен өндірумен 258 кәсіпорын айналысады.

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылардың 300-ден астам заңбұзушылығы анықталды Фото: Qazaqstan tv

Оның 40 %-ында кемшіліктер анықталған. Заңбұзушылықтардың қатарында мемлекеттік қордың жерлерінде құм-қиыршық тас қоспасын өндіру жағдайлары атап өтілді.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың өндіру туралы жыл сайынғы есептерді ұсынбаудың - 12, жалпы ауданы 512 гектар карьерді рекультивациялау жөніндегі келісімшарттардың талаптарын орындамаудың 42 фактісі тіркелді. Лицензиялық және келісім-шарттық аумақтардың шекарасын сақтамаудың 78 фактісі анықталып, бұзушылықтар көлемі 100 гектарды құрады.                                                                                                                                                                                                  

"Келісімшарт бойынша әрбір жер қойнауын пайдаланушыға белгілі бір аумақ бекітілген. Бұзушылықтар жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың аумақтарды басып алуына байланысты орын алуда. Осы фактілер бойынша уәкілетті органдарға ұсыныс енгіземіз, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – дейді Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев.

Жер қойнауын пайдаланушылар жалпы сомасы 400 млн теңгеден астам қаржылық міндеттемелерін орындай алмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу