Маңғыстауда жер заңдарын бұзғандарға 27 млн тг айыппұл салынды

965

Маңғыстау облысы қала құрылысын және жерді бақылау басқармасының басшысы Темірбек Асауовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері Маңғыстау облысында жер заңдарының сақталуы бойынша 44 тексеріс жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде өңірдегі жеке және заңды тұлғаларға барлығы 27 521 895 теңге көлемінде айыппұл салынды. Былтыр бұл көрсеткіш 25 099 230 теңгені құрады. 

Маңғыстауда жер заңдарын бұзғандарға 27 млн тг айыппұл салынды

Сондай-ақ тексеріс барысында Маңғыстау облысы аумағында кәсіпкерлік үшін беріліп, тиісті мақсатта игерілмеген жер телімдері анықталған. Нәтижесінде қолданылмай қалған  69,6318 гектар жер учаскесі белгілі болды. Осы жерлерді иеленген 43 азаматқа заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді. 

"Облыс бойынша үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау бойынша 11 іс, заңсыз құрылыс бойынша 2, реконструкциялау, реставрациялау бойынша 18, уақытында хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу бойынша 15 іс және т.б. заң бұзушылықтар анықталып, іс қозғалған", – деді Темірбек Асауов.

Алмас Қылыш

#Маңғыстау #жер #заңбұзушылық

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу