Оны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлері өткізді. Нәтижесінде, жолдардан 570-тен астам сынама алынып, олардың құрамы зертханаларда талданды. Сараптама нәтижесінің 10%-і техникалық норматив талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Әртүрлі 10-нан астам ақау анықталды. Айталық, Маңғыстау ауданында жүргізілген бақылау шараларының қорытындысы мүлдем көңіл көншітпейді.
"Қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан "Шетпе-Қызан" тас жолының 49-85 шақырымындағы Тасмұрын-Мәстек учаскесінде асфальт жабындының қалыпты формасы бұзылған жерлер анықталды. Ойылып кеткен және жиегі бұзылған жол бөлігі жиі кездесті. Тіптен, үстіңгі қабаты жарылып, үгітіле бастағандары да бар. Бұл аумақта мердігер мекеме – "Altynzhol group" жұмыс жасауда. Аталған серіктестікке барлық кемшіліктер көрсетіліп, қызметтік хат жолданды", – деді сарапшылар.
Тасым Жаңай