Маңғыстауда жергілікті маңызы бар жолдардың 94%-ы жөнделуде

944

Ақтау-Форт-Шевченко аралығындағы 130 шақырымдық, Ақтау-Өмірзақ аралығындағы 29 шақырымдық жолды қайта жаңғырту бойынша 2 жаңа жобаның жұмысы жүргізілген.  

Маңғыстауда жергілікті маңызы бар жолдардың 94%-ы жөнделуде

Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмысы аяқталып, жарық шамдарын орнату жүргізілуде.

"Ауыл – ел бесігі" жобасы бойынша, жалпы сомасы 2 млрд 948 млн теңге болатын 89,4 шақырым жол құрылысы мен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл С.Шапағатов, Жетібай Ақжігіт, Құрық, Бостан, Шетпе, Жыңғылды, Басқұдық, Баянды және Өмірзақ ауылында жүзеге асырылып жатыр. Өңірде жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі 94%-ды құрайды", - деді Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.

Оның айтуынша, жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында жаңа автокөлікпен қамту қолға алынды. Өткен жылы Ақтау қаласына 18 дана отандық автобус келді. Қазіргі олар қала ішілік бағыттарға қызмет көрсетуде. "Ақтау қалалық автобус парктерін жаңарту жобасы" аясында келесі жылы 16 дана жаңа автобус сатып алуға өтініш берілді. Егер жоба жүзеге асқан жағдайда автобус паркінің жаңару деңгейі 90%-ға жететін болады. Жобаны қаржыландыруға облыстық маслихат сессиясының жергілікті бюджет есебінен 166 млн 400 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ Мұнайлы ауданы "Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау" маршрутына жеке кәсіпкер қаражаты есебінен автобус паркін жаңарту мақсатында отандық 10 автобус сатып алуды жоспарлауда", - деді Айдайбек Қалиев.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу