Жетібай-Шетпе тас жолының 96 шақырымында УАЗ және Toyota Prado маркалы екі көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы тіркелді. Шетпе ауылына қарай бет алған УАЗ автокөлігінің жүргізушісі, қарсы жолға шығып, Toyota Prado автокөлігімен соқтығысты. Соның салдарынан екі көлік құралы да өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жол апатында алған ауыр жарақатынан оқиға орнында УАЗ автокөлігінің жүргізушісі көз жұмды, тағы бес адам зардап шекті. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүріп жатыр.
Тасым Жаңай