Кеше сағат 16:30 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түскен.
"Volkswagen Passat" маркалы автокөліктің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, басқаруындағы көлікпен қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтін өз жолымен келе жатқан автокөлікке жол бермей соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері, сондай-ақ бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тасым Жаңай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу