Маңғыстауда жол төсеуге арналған құрылыс материалдары тексеріледі

592

Маңғыстау облысында еспубликалық және жерлілікті маңыздағы жолдардың құрылысына қолданылатын битум сапасына 28 сынама зертханалық сынақ жасалған.

Маңғыстауда жол төсеуге арналған құрылыс материалдары тексеріледі

Онда сынғыштық температурасы және 163℃-та қыздырғаннан кейінгі жұмсару өзгерісі тексерілді. Нәтижесінде жолдардың кейбірі нормативті техникалық құжатқа сәйкес еместігі анықталған.

“Өткен жылы Маңғыстау облысында жалпы ұзындығы 890 шақырымды құрайтын жолдарда жылжымалы жол зертханасымен аспаптық диагностикалау жасалды. Филиал инженерлері республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы жолдарда және қала көшелерінде тұрған 438 жол белгісін тексерген. Анықталған ақаулықтар мен сапаға сәйкес келмеушіліктер қызметтік хат түрінде тиісті органдарға жолданды”, -  дейді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Маңғыстау облыстық филиалының директоры Хамзат Сұлтанов. 

Сондай-ақ, былтыр облыс көлеміндегі автомобиль жолдарын қайта құру жұмыстарына 34 млн теңге жұмсалған. Мердігер мекемелер жалпы көлемі 11 мың шаршы метрді құрайтын негіз және асфальт-бетон қабатын қайта салу жұмыстарын өз қаражатына жасаған.

Мәселен, Шетпе-Қызан тас жолының 49-85 шақырымы, сондай-ақ Форт-Шевченко қаласында көше жолдарын салу жобалары бойынша қайта құрылымдау жүргізілді. Бұған жол құрылысы материалдарынан алынған кейбір сынамалардың нормативті құжаттар талабына сәйкессіздігі себеп болды. 2022 жылы облыс бойынша жолдарда 185 рет тексеру жасалды.

Айта кетсек, 2022 жылы Маңғыстау облысы жергілікті маңыздағы жолдардың сапасы бойынша елімізде үздік үштікке кірді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала қорытындысында Маңғыстау 95%, Жамбыл 95% және Алматы 91% жолдардың жағдайы жақсы деп баға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу