Маңғыстауда жолдар ашылып жатыр

1018

Құмды боран тоқтады.

Маңғыстауда жолдар ашылып жатыр

Маңғыстау облысында шаңды боран тоқтады. Құмнан көз аштырмайтын табиғаттың тосын құбылысын түсіріп алған тұрғындардың видеолары кең тарауда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазіргі күні боран тоқтап, жол көрінетін болғаннан кейін "Жетыбай-Шетпе" және "Шетпе-Сайотес-Бейнеу" трассалары ашылған. Бұл жөнінде хабарлаған "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ облыстық филиалы хабарлады. 

Белгілі болғандай, бұл аймақтың құйыны "Роскосмос" ғарышкерлерінің де назарын өзіне аударған көрінеді. Атап айтқанда, ғарышкер Олег Артемьев 17 наурыз күні YouTube арнасында Маңғыстау облысынан өтіп бара жатқан сәтін түсіріп, оны жариялаған. Сондай-ақ, ол мұндай көріністі былтыр да фотоға түсіріп, "жерден 400 шақырым жердегі Каспийдегі (Қазақстан) құмды боран" деп жазған екен. Егер биылғы бейнебаянда бәсеңсіген боранды аңғару қиын болса, өткен жылғы суреттен оның ғарыштағы көрінісін байқауға болады.

Фотобейнематериалдар Халықаралық ғарыш станциясының бортынан жасалған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу