Маңғыстауда жолдарды қайта құру жұмыстарына 34 млн теңге жұмсалды

601

Маңғыстау облысында 2022 жылы автомобиль жолдардың жалпы көлемі 11 мың шаршы метр негізгі және асфальтбетон жамылғы қабаттары қайта төселді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда жолдарды қайта құру жұмыстарына 34 млн теңге жұмсалды

Нақты айтсақ, Шетпе-Қызан жолының 49-85 шақырымы Тасмұрын - Мәстек аралығы, сондай-ақ Форт-Шевченко қаласында көше жолдарын салу жобалары бойынша қайта құрылымдау жүргізілді.

Бұған жол құрылысы материалдарынан алынған кейбір сынамалардың нормативті құжаттар талабына сәйкес келмеуі себеп. 

Өткен жылы Маңғыстауда атқарылған жұмыс сапасын бақылау кезінде 31 нысан қамтылды. Орталық қызметкерлері облыс көлеміндегі жолдарға 185 рет тексеру өткізді. 1600-дей сынама іріктеліп, оның 200-і талапқа сәйкес келмеді.  

"2022 жылы республикалық және жергілікті маңыздағы жолдардың құрылысында қолданылатын битум сапасына бақылау жасалды. 28 сынама зертханалық сынақтан өткізілді. Нәтижесінде 2 сынама нормативті техникалық құжат талабына сәйкес келмеді. Сондай-ақ былтыр Маңғыстауда жалпы ұзындығы 890 шақырым жолдарда жылжымалы жол зертханасымен аспаптық диагностикалау жасалды. Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда және қала көшелерінде тұрған 438 жол белгісі  тексерілді. Анықталған ақаулықтар мен сапаға сәйкес келмеушіліктер қызметтік хат түрінде тиісті органдарға жолданды", - деп хабарлады ұлттық жол сапа орталығы.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу