Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтап тастаған күйеуі 15 жылға сотталды

304

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтап тастаған күйеуі 15 жылға сотталды Фото: видеодан алынған кадр

Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлағандай, сотталушы К. әйелінің жүкті екенін біле тұра, өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпаған. Ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған.

"2 қазандағы сот үкімімен күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлімі мен 99-бабының 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу