Маңғыстауда жұмыртқа бағасы қымбаттады

485

Бағаның қымбаттауы көршілес Ресей елінен импорттың азаюымен және өндірушілердің тауық жұмыртқасы құнын жоғарылатуымен байланысты. 

Маңғыстауда жұмыртқа бағасы қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Жақында ғана 10 дана жұмыртқаның құны 470- 510 теңгеге дейін еді. Ал бүгін 550-600 теңгені құрады.

"Өндірушілердің себептерінің бірі - жазғы кезеңде тауық жұмыртқасына сұраныс азаяды және құс фабрикаларының өзіндік шығындарын азайту үшін тауықтар ет өнімдеріне жіберіледі. Күн салқындауға байланысты тауық жұмыртқасына сұраныс қайта артады. Бұл ретте құс фабрикалары өз шығындарын өтеу мақсатында өнімнің өзіндік құнын арттырады",- дейді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұратәлиев.  

Дастан Мұраталиев тауық жұмыртқасының бағасын ұстап тұру мақсатында "айналым механизмі" шеңберінде құс фабрикаларымен өнімді белгіленген бағамен сату туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жұмыртқалар Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тізіміне енеді. Тұрақтандыру қорында өнімнің жеткілікті қоры бар ма? Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қазыбек Тәшімов тұрақтандыру қорына жұмыртқа тез бұзылатын өнім болғандықтан сатып алынбайтынын айтты.                                                 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу