Олар "Мұнайтелком" ЖШС-ін "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС-не қосуға түбегейлі қарсы. Жұмысшылар өздерін бұрын жұмыс істеген мекемесі "Мұнайтелекомнан" штат кестесін қайта ашып, қызметке қабылдауды сұрайды. Осы мәселе туралы нақты жауап беруге "Қазмұнайгаз" АҚ-нан басшылардың арнайы келуін талап етті.
Талап орындалмаған жағдайда жұмысты уақытша тоқтатып, наразылыққа шығу жалғасатынын жеткізді.
Айта кетейік, жұмысшылар тарапынан еңбек дауы бұған дейін екі рет ұйымдастырылған. Биыл 29 маусымда "Қаламқас" кен орнында және 12 шілдеде Ақтау қаласында жиналған жұмысшылар әлі де ортақ талабынан танған жоқ. Соңғы жиналыста "ҚМГ" АҚ Мұнай сервис және көмірсутекті шикізатын кәдеге жарату жобасы бойынша департамент басшысы келіп, мәселені 10 күн ішінде қарастыратынын айтқан. Сөйтіп "Мұнайтелеком" жұмысшыларын бос штатқа алу жөнінде арнайы ереже дайындауға уәде етіп кеткен. Бірақ уәде орындалмай қалды. Себебі: қойылған талап "ҚМГ" АҚ тарапынан қолдау таппаған.
Тасым Жаңай