Шара аясында 63 жеңімпаз 1 млн теңгеге дейін грант алуына мүмкіндік бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдаған жоба 18-28 жас аралығындағы жастарға арналған. Оған бизнес идеясы бар жұмыссыз жастар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, "Алтын" және "Күміс" алқа иелері, жетім балалар мен көпбалалы отбасылар қатыса алады.
Сондай-ақ бұл тізімге жатпайтын, бірақ үздік әлеуметтік жобасы бар жастар да үміткер бола алады. Өтінім онлайн түрде, zhasproject-mangystau.kz сайты арқылы 10 тамызға дейін қабылдануда.
Үздік жобаларды арнайы комиссия анықтайтын болады.
Айта кетейік, "Zhas project" жобасы осыдан 2 жыл бұрын да жүзеге асып, 300-ге жуық адам грант ұтқан еді.
Тасым Жаңай