Маңғыстауда жүрек сырқатынан қайтыс болғандар саны артты

502

Өткен жылы Маңғыстау облысында жүрегі оқыстан тоқтап, 94 науқас көз жұмған.

Маңғыстауда жүрек сырқатынан қайтыс болғандар саны артты

"Соңғы кезде жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан болатын асқынулар мен кенеттен көз жұму жағдайлары көбейіп барады. Оған науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі немесе берілген емді тұрақты түрде пайдаланбауы да себеп болып отыр. Соның әсері жүректің жиырылу қызметінің төмендеуіне, жүректің кеңеюіне, жүректің носостық қызметінің төмендеуіне алып келеді. 2022 жылы 1282 науқасқа коронарография жасалды, оның 378-нің қан-тамырына стенд қойылды",- дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы кардиохирургия орталығының кардиолог дәрігері Ақнұр Алдабергенова. 

Былтыр облыстық ауруханада 260 жүрек отасы жасалды. Оның ішінде 213-і ота ашық түрде өткен. Ал 50-ге жуығы жүрек тамырының жолдарына жасалды. Аталған операцияның барлығы күрделілігіне байланысты бір жарым сағаттан төрт сағатқа дейін созылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу