Маңғыстауда жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымының 80-ге жуық фактісі тіркелген

512

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен барлығы 80 есірткі құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 20 есірткі қылмысы тіркелген. 

Маңғыстауда жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымының 80-ге жуық фактісі тіркелген Фото: inbusiness.kz

Аймақ полициясының мәліметінше, облыс аумағына синтетикалық есірткі тасымалданатын үш арнаның жолын кескен. Есірткіні шағын және ірі көлемде сақтауға байланысты 60 есірткі қылмысы анықталды.

Заңсыз айналымнан салмағы 65 кг есірткі, атап айтқанда 62,2 кг есірткі марихуана, екі килограмм синтетикалық есірткі, 680 грамм гашиш және 121 грамм апиын тәркіленді.

Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл бағытта 32 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, 255 граффити-жазба жойылды. Сонымен қатар, есірткі мен оның аналогтарын жарнамалайтын және сататын 25 интернет-сайт бұғатталған.

Маңғыстау облысы ПД ЕҚК өңір тұрғындары мен қонақтарын, дәріханалар мен өзге де медициналық мекемелердің иелерін "Этизолам", "Трамадол", "Кетамин" дәрілік препараттарының "психотроптық заттар"тізіміне енгізілгені туралы қатаң ескертеді. 

- Аталған препараттарды лицензиясыз сақтау және сату қылмыстық жауапкершілікті көздейді, – дейді полиция қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу