Маңғыстаудағы атыс: екі адам жараланып, төрт күдікті қамауға алынды

208

Маңғыстау облысындағы жанжалдан кейін екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті.Оқиғаға қатысты төрт күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  

Маңғыстаудағы атыс: екі адам жараланып, төрт күдікті қамауға алынды Фото: бейнежазбадан

9 шілде күні Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында бірнеше адам арасында жанжал шыққан. Салдарынан екі жас жігіт оқ жарақатын алып, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғадан кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Айгерім Ибатуллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу