Маңғыстаудағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілмей тұр

521

Маңғыстау облысы Батыр ауылының тұрғындары ауыз судың жоқтығынан қиындық көріп келеді. 

Маңғыстаудағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілмей тұр

Жаз мезгілінде суға жарымайтын ауыл, енді қыста да су тапшылығынан зардап шегіп отыр.  10 күннен бері тіршілік нәрі келмегенін айтқан халық көлікпен таситын судың да бағасы аспандап кеткеніне наразы. Ал шенеуніктер су тұщыту зауытынан берілетін су көлемі 3 есе азайып кеткенін айтты.

"Көшіп келгенімізге үш жыл болды. Құбырмен келген бір тамшы су көрген жоқпыз. Біз талонмен су аламыз. Бұрын талонымызды үш күннен кейін беретін еді. Қазір 10 күн күту керек. Жаздың күні су мүлдем жоқ болады. Бір көлік суды 10 мың теңгеден сатып алған кездер болды",- дейді тұрғындар. 

Қазір батырлықтар бір көлік суды 6 мың теңгеге сатып алып отыр. Тамақтың қымбатшылығы жағадан алғанда судың құны да қалтаға салмақ салды деп наразы көпшілік. Ал әкімдіктегілер су тұщыту зауытынан келетін су көлемі 3 есе азайып кеткенін айтады. 

"Батыр ауылына орталықтандырылған құбырмен жіберу үшін 4 мың текше метр су керек. Бірақ қазір алып отырған суымыз 700-1 мың кубтың арасында болып отыр. Сондықтан біз водовоз көлігімен беруге мәжбүрміз. Тұрғындар енді су көліктеріне артық ақша төлемейді. Жеке кәсіпкерлермен келісіп 4 текше метр су 2680 теңгеден берілмек",- дейді  Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстапаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу