Маңғыстаудағы Батыр ауылында 80 пәтер қолданысқа беріледі

1222

Маңғыстау облысының Батыр ауылының құрылғанына небәрі 10 жыл толды. Онда негізінен қандастар тұрады. Енді ауыл кеңейіп, жаңа тұрғын үйлермен толығады.

Маңғыстаудағы Батыр ауылында 80 пәтер қолданысқа беріледі

Батыр ауылында салынып жатқан 4 пәтерлі 20 тұрғын үй жыл соңында қолданысқа берілмек. Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың мәлім етуінше, 80 пәтердің кілті көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасыларға кезек бойынша беріледі.

Қазір құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Инженерлік желілер толық тартылған. Аулаларды аббаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 80 отбасы қуанышқа кенеліп, баспаналы болатын күн де жақын. Жаңа пәтерлер 2 бөлмеден тұрады. Бір баспана шамамен 65 шаршы метрді құрайды.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу